АҚШ-та 5 айлық болып туылған бала Гиннесс рекордтар кітабына кірді

Сәби дүниеге келгенде оның салмағы небәрі 420 грамм болған. Бұл шамамен футбол добымен бірдей.
Кертис 21 аптада дүниеге келді, қазір ол 1,5 жаста. Бала әлі де дәрі-дәрмек қабылдап жүр және оттегі түтікшесін қоладанады. Алайда мамандар оның дені сау деп отыр. Анасының айтуынша, Кертис өте белсенді және оны шаршатып үлгірген. Еске салайық, бұрыңғы рекорд иесі — Ричард Хатчинсон есімді АҚШ тұрғыны биыл алғашқы туған күнін атап өтті. Ол 22 аптада 340 грамм салмақпен туылған.
