Ақ үй Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы банктерді реттеу басшысы қызметіне ұсынды
Енді АҚШ Сенаты ақша айналымын бақылаушы басқармасының басшысы қызметіне 55 жастағы Сәуле Омарованың кандидатурасын қарастырады.
Оң шешім қабылданған жағдайда Қазақстан тумасы 1863 жылы құрылған ұйымды басқаратын бірінші әйел болады. Айта кетейік, Currency Comptroller Office (OCC) — АҚШ қаржы департаментінің тәуелсіз бөлімшесі, сондай-ақ, елдегі банк секторының негізгі реттеушісі. Ол шамамен 14 триллион долларлық жиынтық активі бар 1200 банкті бақылайды. Сәуле Омарова — Корнель университетінің банктік құқық профессоры, ММУ (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі, заңтану докторы дәрежесін үздік қорғаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Дереккөз: Tengrinews