Айя Шалқар Джаред Летомен бірге Лос-Анджелестегі фильм премьерасына қатысты
26 жастағы ару танымал актермен қызыл кілемде жүріп өтті.
Джаред Лето Айяны өзі түскен «Морбиус» фильмінің премьерасына арнайы шақырған. Қазақстандық модель және дизайнер бұл кеште түскен суреттерін Инстаграм парақшасында жариялады. Онда ару торлы матадан тігілген көйлек киіп, көпшілікті тәнті етті. Айя бұл оның премьераға алғашқы қатысуы екенін айтып, Джаредке алғысын айтты.
Фото: Instagram/@aya_shalkar/