Айсұлтан Сеитов Канье Уэсттың жаңа альбомының релизінің режиссеры атанды
Бірер күн бұрын америкалық рэпер өзінің Donda атты туындысының үшінші презентациясын өткізді. Маңызды іс-шараның режиссері мен креативті продюсері қазақстандықтар – Айсұлтан Сеитов пен Марат Шаяхметов болды.
Танымал клипмейкер Инстаграмдағы парақшасында Канье Уэсттың Атлантадағы Mercedes-Benz стадиондағы бөлмесінде түсірілген суретімен бөлісті.
«Осы іс-шараның бір бөлігі болуға қуаныштымын»,
— деп жазды ол.
Еске салайық, 24 жастағы Айсұлтан Сеитов Jah Khalib, Скриптонит, Иван Дорн және басқа да танымал әншілерге клип түсірді.