Айқын Жұлдыз Өмірғалидің туған күніне Парижге романтикалық сапар сыйлады

10 наурызда «КешYOU» тобының бұрыңғы солисі Жұлдыз Өмірғали 30 жасқа толды. Айқын Төлепберген жарының туған күніне орай романтикалық сапар ұйымдастырды.
Ерлі-зайыпты әлемнің сән астанасына балаларсыз, тек екеуі ғана барды. Айқын мен Жұлдыз Париждегі спары жайлы өз Инстаграм аккаунттарында бөлісіп жүр.
«Бір-екі-үш, мінекей, Эйфель мұнарасы, жаным. Туған күнің құтты болсын!»,
-дейді Айқын видеода. Жұлдыз Эйфель мұнарасының жанында серуендеп, өз жазылушыларымен әдемі көріністермен бөлісті. Әнші ұзын шаштарын қиып, стильді кареге ауыстырған.
«Сіздерге де бұйыртсын осындай бақыт»,
-деп жазды Жұлдыз.
Фото/Видео: Instagram/@aikyn/@zhuldyzomirgali