Әйгілі Тамагочи смарт-сағат түрінде шығады

Bandai компаниясы танымал ойынның 25 жылдығына орай цифрлық үй жануарының жанкүйерлеріне осындай сыйлық жасады.
Tamagotchi Smart жануарды сипап, аймалауға арналған сенсорлы экран және онымен сөйлесуге мүмкіндік беретін микрофонмен жабдықталған. Жаңа Тамагочи осы жылдың қарашасында шығады. Оның құны – $60 шамасында болмақ (25 мың теңге). Еске салайық, Тамагочи 1996 жылы пайда болып, 90 жылдар мен 2000 жылдардың басындағы ең танымал ойындардың бірі болды.
Дереккөз: Engadget.com