Әйгілі ABBA тобы 40 жылдан кейін алғашқы альбомын шығарды

🎼 Музыка
05.11.2021
Просмотров: 191

Швед квартетінің жаңа туындысы Voyage деп аталады. Альбом 10 композициядан тұрады, оның ішінде жақында шыққан  I Still Have Faith in You («Мен саған әле де сенемін») және Don’t Shut Me Down («Менен бас тартпа») атты екі сингл бар.

Келесі жылдың мамырында ABBA Лондонда концерт өткізбекші. Алайда сахнаға әншілердің өзі емес, олардың голограммалары шығады. Еске салайық, ABBA тобының The Visitors атты соңғы альбомы сонау 1981 жылы жарық көрген еді.

Метки: Abba

Так же вам может быть интересно