Әйел күрішті бір түйірден жеп Гинннесс рекордшысы атанды
24 жастағы Сумайя Хан есімді Бангладеш тұрғыны бір минутта 37 түйір күріш жеп үлгерді. Бұл алдыңғы рекордтан 10 түйірге көп.
Ережелер қатаң болды. Күрішті тамаққа арналған таяқшалармен бір-бірлеп іліп алып, жеу керек болды. Егер таяқшаға екі түәір ілінсе, нәтиже саналған жоқ. Сумайяның айтуынша, рекорд орнатуға оған кореялық тағамға сүйіспеншілігі көмектесті.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы