Ай сайын 1200 еуро: Германияда тәжірибеге қатысушыларға үш жыл бойы ақша беріледі

🌐 В мире
02.06.2021
Просмотров: 155
германия пособие эксперимент

Жобаға 122 адам іріктелді. Тәжірибенің мақсаты – базалық кірістің адамның өміріне тигізетін әсерін зерттеу. Жалпы алғанда әрбір қатысушы үш жылда 43 200 еуро алады.

Қатысушылар бар болғаны өміріндегі өзгерістер туралы есеп беріп тұруы керек. Жоба авторлары жұмыс істемей, ақша алып тұру адамды қаншалықты өзгертетінін анықтамақ. Олар қайырымдылыққа көңіл бөле бастайды ма, әлде уақтының басым бөлігін теледидардың алдында өткізеді ме – міне осындай сұрақтарға жауап табылады. Сонымен қатар, оңай табылған ақшаның бар болуы стресс гормонының деңгейіне тигізетін әсері тексеріледі.

Дереккөз: Deutsche Welle

Так же вам может быть интересно