Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне 26 кәріс сөзі енді
Бұл Оңтүстік Корея мәдениетінің кеңінен танымал болуымен байланысты. Атап айтқанда, соңғы 10 жылда K-pop мәдениеті, «Паразиты» фильмі мен таяуда шыққан «Кальмар ойыны» телехикаясы бүкіл әлемді өзіне қаратты.
Мысалы, сөздікке «кәріс толқыны» деп аудырылатын «халлью» сөзі енді. Ол оңтүстіккореялық мәдениетке қызығушылықтың артуын білдіреді. «Эге» (aegyo) сөзі сүйкімді, әдемі деп аударылады. Сөздікке бірқатар, тағам атаулары кірді: «панчхан», «пулькоги» және «дончими». Ал тікелей эфирде көп тағам жеп, көрермендермен сөйлесу «мукбанг» деп аталады екен. «Кей-драма» (k-drama) —Оңтүстік Кореяда түсірілген телехикая. Және «манхва» (manhwa) — жапониялық мангаға ұқсас түсірілген кәріс мультфильмдері мен комикстері.
Дереккөз: BBC