Адельдің жаңа әні британиялық чарттарда көш бастады

🎼 Музыка
21.10.2021
Просмотров: 133

Адельдің 6 жылдық үзілістен кейін алғаш рет шыққан Easy on me композициясы 15 қазанда жарық көрді.  5 күн ішінде ән 2021 жылы ең көп сатылған композициялар рейтингінде бірінші орынға шықты.

Сатылымдар саны 150 мыңға жетіп, Оливия Родригоның Good 4 U әнінен асып түсті. You Tube-те видео 5 күн ішінде 93 миллионнан астам қаралым жинады. Еске салайық, Адельдің «30» атты жаңа альбломы 19 қарашада жарық көреді.

Дереккөз: РИА Новости 

 

Метки: Адель

Так же вам может быть интересно