Адамның өмір сүру жасының шегі анықталды
120-150 жас екен. Ресейлік, америкалық және Сингапур ғалымдары бірлесіп, адамның физиологиялық тұрақтылығын анықтайтын қан сараптамасын жүргізген. Нәтижесінде DOSI деп аталатын көрсеткіш — ағзаның динамикалық күйінің индикаторы анықталған.
DOSI жас, денсаулық және өмір сүру салтына байланысты өзгереді. Белгілі болғандай, бұл индикатор 120 – дан 150 жасқа қарай өзінің минималды көрсекткішіне жетеді. Еске сала кетейік, тарихтағы ең қарт адам — француз әйелі Жанна Кальман 122 жасқа дейін өмір сүрген. Ал қазір өмір сүріп жатқан ең қарт адам биыл 118-ге толған жапониялық Канэ Танака.
Дерккөз: РИА Новости