Аббакадабра: ABBA тобы 40 жылдан кейін алғаш рет ән шығарады

🎼 Музыка
27.08.2021
Просмотров: 118

Жаңа композиция 2 қыркүйекте жария болады. Жалпы әйгілі топ 5 ән шығарады деп күтілуде.

Бұл туралы жаңадан ашылған Abbavoyage сайтында харбарланған. Сонымен қатар, келесі жылы музыканттар халықаралық турнеге аттанады. Бұл ерекше турне болмақ. Себебі сахнаға музыканттардың өздері емес, олардың голограммалары шығады. Еске салайық, әйгілі швед тобы 1972 жылы құрылды. Ал екі жылдан кейін музыканттар Евровидениенің жеңімпаздары атанды. Топтың «The Visitors» атты соңғы студиялық альбомы 1981 жылы жарық көрді.

Метки: Abba

Так же вам может быть интересно