99 жастағы америкалық пауэрлифтер әлемдегі ең қарт спортшы атанып, Гиннесс рекордтар кітабіна кірді
Эдит Мервэй-Трэйн есімді Флорида тұрғыны 8 тамызда жүзге толады.
Жас кезінде ол би жаттықтырушысы болған. Ал, 91 жасқа келгенде Эдит спортпен шұғылдануды қайта қолға алуды шешіп, жаттығу залына барады. Ол бірден ауыр салмақты көтеруге әуестенген. Уақыт өте келе, жарыстарға қатысып, көптеген жүлдеге ие болған. Ал қазір әлемдегі ең қарт спортшы келесі жарысқа дайындалып жатыр.
Дереккөз: Guinnessworldrecords