«9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда іске қосылады
Жоба аясында 8 мың адам тұрғын үй несиесін рәсімдей алады.
Бағдарлама бойынша 20% бастапқы жарна салып, 9%-дық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады. Бағдарламаға соңғы бес жылда баспанасы болмаған жұмысшы жастар ғана қатыса алады. Бұл мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы тексеріледі. Сондай-ақ, бір адамның мемлекеттік бағдарламаға бір рет қана қатыса алуына қатысты қатаң талап қойылып отыр, деп жазады Информбюро.