88 жастағы грек марафон жүгіріп өтті
Плутархос Пурлиакас 42 шақырым қашықтықты 6 сағат 31 минутта бағындырды. Бұл қарияның былтырғы көрсеткішінен 18 минутқа тез.
Ең қызығы – ер адам 73 жасқа дейін жеңіл атлетикаға құштарлық танытпаған. Жүгіруге оны ұлы шабыттандырған. Бүгінде Плутархос жұмыс күндері төрт-бес шақырым, ал демалыс күндері жиырма шақырым жүгіреді. Биыл қария өміріндегі 12-ші марафонын жүгіріп өтті.
«Мен ешқашан темекі шеккен емеспін. Мен артықшылыққа жол бермеймін, уақытында ұйықтаймын. Күн сайын аздап ципуро (грек жүзім арағы) ішемін, бірақ сусын ретінде емес, дәрі ретінде»,
— дейді қарт спортшы.
Дереккөз: Guardian
Фото: Reuters/ Louisa Gouliamaki