819 мың теңге: Ресейде жаңа iPhone 13 алу үшін кезектегі орындар сатылымға қойылды

🌐 В мире
22.09.2021
Просмотров: 116

Кезектегі орынның бағасы 140 мың рубль, немесе 819 мың теңгеге жетеді. Яғни гаджеттің өзінен екі есе қымбатқа түспек.

Ерекше ұсыныс Мәскеудегі онлайн-платформалардың бірінде пайда болды.

«Жаңа iPhone 13 үшін кезекте тұрмын. 21.09 түнеумен бірге кезекте тұру бағасы 140 мың рубль, 22.09 — 110 мың рубль, 23.09 — 80 мың рубль»,

— деп жазылған хабарламада. Одан арзанырақ ұсыныстар да бар. Мысалы, Иван деген жігіт тәулік бойы iPhone 13-ті күзеткені үшін 40 мың рубль сұрап отыр. Еске салайық, жаңа iPhone сатылымға 24 қыркүйекте шығады.

Дереккөз: РенТВ

 

Метки: iPhone 13 Ресей

Так же вам может быть интересно