800 лотереялық билетті ұрлаған қыз ештеңе ұтып ала алмады
19 жастағы Тверь облысының тұрғыны жақында киоскіге жұмысқа тұрды. Көп ұзамай ол сатып алушылардың бірі үлкен ұтыс алғанын көріп, бағын сынап көруге бел буды.
Бірнеше күн ішінде бойжеткен құны 165 мың рубль (825 мың теңге) болатын жүздеген билетті ұрлап алды. Дегенмен, жолы болмады, лотереның біреуі де үлкен ұтыс әкелген жоқ. Енді қызға шығынды өтеуге тура келеді.
Дереккөз: Сноб
Фото: Unsplash