72 жастағы ақсақал Қазақстан бойынша жаяу марафонға аттанды
Ұлытаулық Сәрсенбай Қотырашов қараша айына дейін күн сайын 40 шақырымнан жүріп, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы және еліміздің басқа да қалаларына бармақшы.
Қарияның басты мақсаты – елдің қолөнер шеберлерімен кездесіп, қазақ халқын Ұлытау тарихымен таныстыру. Жаяу марафонға ақсақал жеті жыл бойы дайындалған.
Дереккөз: Қарағанды облысының әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: ulytaureserve.kz