70 жастағы Үндістан тұрғыны алғаш рет ана атанды

🌐 В мире
19.10.2021
Просмотров: 253

Дживунбен Рабари мен оның 75 жастағы Малдхари есімді күйеуі өмір бойы ата-ана болуды армандаған. Ерлі-зайыптының соңғы үміті экстракорпоралды ұрықтандыру болды.

Жасына қарамастан, процедура сәтті өтіп, биыл зейнеткер алғаш рет ана атанды. Баланың жынысы мен есімі әзірге белгісіз. Дживунбен әлемдегі ең қарт ана емес. 2019 жылы 73 жастағы Мангаямма Ярамати есімді Үндістан тұрғыны егіз қызды дүниеге әкелген болатын.

Дереккөз: Mirror

Метки: Үндістан ЭКО

Так же вам может быть интересно