68% қазақстандық референдумда дауыс беруді жоспарлап отыр

🇰🇿 Новости Казахстана
25.05.2022
Просмотров: 133

Өз таңдауын әлі 21% ел тұрғыны жасамаған көрінеді. Бұл туралы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша белгілі болды. Оған 4 мың адам қатысты.

Белгілі болғандай, респонденттердің 78%-ы референдум биылғы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі, ал қазақстандықтардың 72%-ы референдум өткізу идеясын қолдайды екен. Еске салсақ, референдумға небәрі 11 күн қалды. Конституцияға енгізілетін өзгертулер нәтижесінде қазақстандықтар елдің саяси өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік алады, ал мемлекеттік лауазымдарға таныс бойынша емес, профессионалдар таңдалады. Референдумда 11 миллионнан астам қазақстандық өз дауыстарын бере алады.

Дереккөз: Орталық коммуникациялар қызметі 

Метки: Референдум

Так же вам может быть интересно