5 қазақстандық боксшы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

⚽ Спорт
03.11.2021
Просмотров: 79

Теміртас Жүсіпов, Махмуд Сабыржан, Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

51 келіде бақ сынайтын Сәкен Бибосынов жартылай финалға шығу үшін колумбиялық боксшы Юберхен Мартинеспен кездесті.  Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Сәкенге берді.  Оның алдында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Бибосынов Рио Олимпиадасының жеңімпазы өзбек боксшысы Хасанбай Досматовты жеңген болатын. Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының сыйақы қоры $2,6 млн құрайды. Алтын медаль иелері $100 мың алады . Күміс медаль үшін $50 мың , ал қолаға $25 мың беріледі. Чемпионат 6 қарашаға дейін жалғасады.

 

Метки: Бокс

Так же вам может быть интересно