45 жастағы америкалық бағдарламашы 18-де болып көріну үшін миллиондаған доллар жұмсайды

Брайан Джонсон жасөспірім тәрізді көріну үшін арнайы тағайындалған 30 дәрігерге жылына $2 млн жұмсайды.
Биотехнология саласында жұмыс істейтін маман күн сайын медициналық сараптамалардан өтіп, қант мөлшерін, қан қысымын, салмағын қадағалап отырады. Салауатты өмір салтын ұстанатын ер адам күнде сағат таңғы 5-те тұрып, 1 сағат спортпен шұғылданады және де ет жемейді. Сараптама нәтижелері бойынша, миллионердің жүрегі 37 жасқа, терісі 28 жасқа, ал өкпе жұмысы 18 жасқа сәйкес келеді. Брайан бұл шаралар арқылы жастық шақты ұзарта алатынына сенімді. Ал сіз қалай ойлайсыз, Брайан 18-дегі жігітке ұқсайды ма?
Дереккөз: Mirror
Photo: Kyle Grillot Bloomberg via Getty