43 жыл бойы ер адам болып киінген мысырлық әйел «Мінсіз ана» атағына ие болды
Сиса Абу Даух 22 жасында жесір қалып, қызын өмірге әкелген. Туыстары оның екінші рет тұрмысқа шыққанын қалаған, алайда Сиса қайта отбасын құрғысы келмеді.
Осылайша ол бірнеше ай табыссыз қалған. Жұмысқа тұру үшін Сиса әйел екенін жасыруға мәжбүр болды. Ол кең жеңі бар ұзын ерлер киімін киіп, кірпіш және цемент тиеумен айналысқан. Құпия тек 43 жыл өткеннен кейін ашылды. 2022 жылы Мысыр билігі оған «Мінсіз ана» сыйлығын табыс етті.