38 тісі бар үндістандық әйел Гиннесс рекордын орнатты
Қалпана Баланның артық тістері жастық шағында бірінен соң бірі өсе бастаған. Осылайша 26 жасында оның алты артық тісі бар.
Артық тістер әйелге ауыртпашылық сезімін тудырмайды, бірақ Калпана тамақ ішкен кезде ыңғайсыз екенін мойындап отыр. Айта кетсек, ерлер арасында рекорд иегері – канадалық Эвано Меллоненің 41 тісі бар. Артық тістердің болуының медициналық термині гипердонтия немесе полидонтия деп аталады. Әлем халқының 3,8% -ында бір немесе бірнеше артық тістер бар.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы