3 мыңнан астам этникалық қазақ жыл басынан бері қандас мәртебесін алды

Олардың жартысынан көбі Өзбекстаннан келді. Сондай-ақ, Қытай, Түрікменстан, Моңғолия елдерінен қайта оралған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына қоныстанды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 90 мың этникалық қазақ оралған.
Фото: qandastar.kz