23 жастағы қазақстандық әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне кірді

🇰🇿 Новости Казахстана
09.12.2021
Просмотров: 204

Алдияр Семедьяров есімді Ақтау тумасы екі ай бұрын IQ-тестін тапсырған. Векслер шкаласы бойынша оның интеллект коэффициенті 135-тен асқан. Бұл әлемнің 99% тұрғынының интеллект көрсеткішінен жоғары.

Алдияр бірден халықаралық Mensа ұйымына қабылданды. Бүгінде оған 100 мемлекеттен 120 мың адам мүше болып отыр. Физикадан республикалық Олимпиада жүлдегері, «Алтын белгі» иегері Алдияр Семедьяров қазір Швейцарияда «Электрикалық инженерия» маманы бойынша білім алып жатыр. Еске сала кетейік, 2016 жылы Mensa ұйымына Инстаграм жұлдызы, ең тартымды қазақстандықтардың бірі Димаш Әділет қабылданған болатын.

Дереккөз: Лада 

Метки: IQ Mensa Ақтау

Так же вам может быть интересно