2024 жылдан бастап туристерді әуе шарымен стратосфераға ұшуру жоспарланып отыр

⌚ Lifestyle
07.10.2021
Просмотров: 147

Сиымдылығы 8 адамға жететін герметикалық капсула 30 шақырым биіктікке көтерілетін болады.

Әрине, бұл NASA-ның ғарыш шекарасы деп белгілеген  80 шақырымға жетпейді, алайда World View Enterprises компаниясы туристер естен кетпес көріністерге куәгер болады деп уәде беріп отыр. Сегіз сағатқа созылатын сапардың құны $50 мың болмақ. Джефф Безос компаниясының ракетадағы сапарынан айырмашылығы – бұл сапарға ғарышқа ұшуға дайындығы жоқ туристер де аттана алады.

 

 

Дереккөз: Daily Mail 

Так же вам может быть интересно