2020 жылы әлемдегі миллионерлер саны 5 миллионға көбейді
Яғни 1% Жер тұрғыны бай адам атанды. Пандемия мен кризиске қарамастан жалпы банк шоттарындағы ақшаның саны 6 нөлден асатын адамдар саны 56 миллионда құрады.
Сарапшылардың айтуынша, олардың байлығының көбеюіне жергілікті биліктердің экономиканы қолдау мақсатында бөлген қаржысы, Орталық банктердің проценттық мөлшерлемені төмендетуі мен жылжымайтын мүлік пен басқа активтердің бағасының көтерілуі. Сонымен қатар, былтыр 50 миллион доллардан астатын байлық иегерлерінің саны 24 процентке көбейді. Бұл 2003 жылдан бері ең үлкен көрсеткіш.