20 жастағы Алматы тұрғыны салмағы 6 келіден асатын сәбиді дүниеге әкелді

🌎 Жизнь
13.12.2021
Просмотров: 306

Кішкентай алып кесар тілігімен туылды.  Бұл Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы бала.

Сәбидің салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 см. Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Айта кетейін, әлемдегі ең үлкен бала 1955 жылы Италияда дүниеге келді. Гиннесс рекордтар кітабына кірген сәбидің салмағы 10 келі 200 грамм болды.

Дереккөз: Қазақпарат 

Метки: Алматы

Так же вам может быть интересно