19 жастағы бельгиялық қыз жалғыз өзі бүкіл әлемді ұшып өтіп, рекорд орнатты

🌐 В мире
21.01.2022
Просмотров: 151

Зара Рутерфорд аса жеңіл ұшақпен 155 күн ішінде барлық бес континентте болып үлгірген.

Жер шарын айнала саяхат кезінде Зара 51 мың шақырымды бағындырып, 52 мемлекет көрген. Ең қиыны Сібір үстінен ұшу, дейді батыл қыз. Өйткені суықтан қозғалтқыштың істен шығуы әбден мүмкін еді. Айта кетейін, бұған дейінгі рекорд 30 жастағы америкалық Шаесте Вайзға тиесілі.

Дереккөз: BBC

Фото: Reuters

Метки: Рекорд

Так же вам может быть интересно