18 мамырда Алматыда «Музей түні» өтеді
Іс-шара сағат 18:00-ден түнгі он екіге дейін жалғасады.
Акция аясында қала қонақтары мен тұрғындары әдетте көпшілік көре алмайтын бірегей экспонаттарды тамашалап, квест, викториналар мен конкурстарға, тарих және мәдениетке қатысты танымдық ойындар ойнап, шеберлік сағаттарға қатыса алады. Атап айтқанда жеті музейді қамтитын қызықты квест-ойыны өтеді. Қатысушылар әр музей тарихын білуден сайысқа түседі. Командалар мақсаты – музей қызметкерлері дайындаған сұрақтарға жауап беріп, барлық пазлдарды жинау. Акцияға Алматы қаласы музейлер бірлестігінің сегіз музейі қатысады: Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаев музейі, Н. Тілендиевтың мемориалдық музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және А. Байтұрсынұлы музей-үйі. Айта кетсек, алғашқы рет «Музейлер түні» 1997 жылы Берлинде өтті. Қазақстанда бұл мәдени іс-шара 2006 жылдан бері өткізіліп келеді.
Дереккөз: Алматы қаласы музейлер бірлестігінің баспасөз қызметі
Фото: Unsplash