16 жастағы Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуында қазылар алқасын таңғалдырды

🎼 Музыка
09.02.2023
Просмотров: 492

Қазақстандық әнші тағы да America’s Got Talent шоуында өнер көрсетуде. Америкалық байқаудың бірінші кезеңінде Данэлия голландиялық әнші Дункан Лоуренстің «Arcade» әнін орындады.

Қазақстандық орындаушының өнері жобаның қазылары мен көрермендерін тәнті етті. Данэлия ән орындап болғаннан кейін барлығы орындарынан тұрып, қошемет көрсетті. Еске салсақ, Данэлия танымал America’s Got Talent дарындылар шоуына 2020 жылы қатысып, финалға дейін жетті.

Так же вам может быть интересно