14 жастағы америкалық қыз Инстаграмдағы жазылушыларына қазақ тілін үйретіп жүр
Кэмерон есімді Джорджия штатының тұрғыны нағыз полиглот. Ол 26 тілде сөйлейді екен.
Дегенмен, қазақ тіліне ерекше сүйіспеншілік танытады. Тіпті жасөспірім өзіне қазақша есім алыпты – ол өзін Айбала Құдайбергенқызы деп таныстырады. Ал соңғы жүктеген видеосында ол өзінің ең сүйікті елі АҚШ-та, Ресей де, Қытай да емес, Қазақстан екенін айтады.