12 қазақстандық жасөспірім әлемдегі ТОП-100 теннисші қатарына енді
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингінде бұрынғыша 14-орында тұр.
Даниал Рахматуллаев — 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева — 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда. Tennis Europe рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель – 28 орында, Роберт Каминский – 33 орын, Аңсар Ниетқалиев — 81, Ахмади Маханов — 83, қыздардан Линара Бөлешева – 60 орын, Руслана Русланова 95-сатыға жайғасты. ATF рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: ktf.kz