112 жастағы Венесуэла тұрғыны әлемдегі ең қарт ер адам атанды

🌎 Жизнь
19.05.2022
Просмотров: 158

Хуан Висенте Мора 113-ке толуға бірнеше күн қалғанда осы атаққа ие болды.

Қария 1909 жылдың 27 мамырында дүниеге келді. Хуан Висентеден бөлек жанұяда 10 бала болды. Ұзақ жылдар бойы фермер болып еңбек етіп келген  Хуан Висенте тек 104 жасында соңғы жерін сатып, демалуға бел буған. Қарияның 11 баласы, 41 немересі, 18 шөбересі және 12 шөпшегі бар.  Айта кетсек, қазір ресми әлемдегі ең қарт адам болып 118 жастағы франциялық монах әйелі Люсиль Рэндон болып саналады.

Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы 

Так же вам может быть интересно