104 жастағы Үндістан тұрғыны өмірінде алғаш рет партаға отырып, оқу мен жазуды үйренді

🌐 В мире
13.12.2021
Просмотров: 137

Керала Куттияма төменгі таптағы отбасында дүниеге келген және оқуға мүмкіндігі болмаған.Алайда өмір бойы сауатын ашуды армандаған. 

16 жасында Керала Куттияма тұрмыс құрып, 5 баланы дүниеге әкелген.

«Маған әлемде не болып жатқаны әрдайым қызық болатын. Осы себепті оқи алмайтыныма талай өкіндім”,

– дейді Куттияма. Кейуана бірнеше ай бойы кешкі мектепте оқып, биыл қарашада математика пәнінен ең жоғары балл алған. Осылайша ол бастауыш мектепке арналған мемлекеттік емтихан тапсырды.

Дереккөз: The Guardian 

Метки: Үндістан

Так же вам может быть интересно