104 жастағы Үндістан тұрғыны өмірінде алғаш рет партаға отырып, оқу мен жазуды үйренді
Керала Куттияма төменгі таптағы отбасында дүниеге келген және оқуға мүмкіндігі болмаған.Алайда өмір бойы сауатын ашуды армандаған.
16 жасында Керала Куттияма тұрмыс құрып, 5 баланы дүниеге әкелген.
«Маған әлемде не болып жатқаны әрдайым қызық болатын. Осы себепті оқи алмайтыныма талай өкіндім”,
– дейді Куттияма. Кейуана бірнеше ай бойы кешкі мектепте оқып, биыл қарашада математика пәнінен ең жоғары балл алған. Осылайша ол бастауыш мектепке арналған мемлекеттік емтихан тапсырды.
Дереккөз: The Guardian