1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс күшіне енеді

🇰🇿 Новости Казахстана
01.07.2023
Просмотров: 22760

Жәрдемақы, зейнетақы, жалақы, такси жүргізушілерінің салығы, автогаз бағасы, төрт күндік жұмыс аптасы – осы және өзге де өзгерістер күшіне енеді. 

Әлеуметтік кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды: туғаннан кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау; еңбекке қабілетті жастағыларды жұмыспен қамту; еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету; әлеуметтік сақтандыру шаралары; өмірлік қиын жағдай кезіндегі әлеуметтік көмек; қарттарды қолдау.

1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мына түрлері орта есеппен 14,5%-ке артады:

мүгедектік бойынша;

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша

арнайы әлеуметтік жәрдемақылар

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға;

мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға).

Қазір бұл жәрдемақылардың мөлшері 56 794 теңгені құрайды. Осы айдан бастап 65 313 теңгеге дейін артады.

«Алтын алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, яғни 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп тәрбиелеген аналардың жәрдемақысы 25 530 теңгеге дейін көтеріледі.

Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер 14,5%-ке өседі.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының 50%-ін өз таңдауымен жеке инвестициялық компанияларға аударып, табыс таба алады. Осылайша азаматтар зейнетақы активтерін басқаруға қатысады. Ал еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққандар барлық зейнетақы жинағын жұмсай алады.

Мүгедек жандардың туыстарына күтім жасағаны үшін жалақы төленеді.

Яндекс, Uber, Wolt және Glovo сияқты түрлі онлайн-платформаларда жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлер әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосылады. Онлайн-платформалардың операторлары қолданыстағы салық режиміне сәйкес жұмысшылары үшін салық төлеп, әлеуметтік аударымдарды аударады.

Қазақстандық «грин-карта»

Осы айдан бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар «Ата жолы» картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған тәртіппен кіруге мүмкіндік алады.

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15 АЕК-тен (51 750 теңгеден) 25 АЕК-ке (2023 жылы – 86 250 теңгеге) дейін ұлғаяды.

Төрт күндік жұмыс аптасы

Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы пайда болды. Енді еңбек ететін қазақстандықтар жұмыс аптасын төрт күндік, бес күндік немесе алты күндік етіп кезектестіре алады. Алайда мұны жұмыс берушімен келісу қажет.

Дереккөз: Спутник
Фото: Pexels

Так же вам может быть интересно

Халықаралық журнал Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне қосты
Гарри Поттердегідей: колледж немесе университет таңдауда көмектесетін «үлестіруші қалпағы» пайда болды
Британское МВД выдало паспорт медвежонку Паддингтону и теперь он гражданин страны
Добросовестным водителям хотят снизить стоимость автострахования в Казахстане
Ерлі-зайыптылар ұрыста жеңу үшін жасанды интеллект қолдана бастады
В китайских школах нейросеть научилась вызывать к доске, причем находит тех, кто не готов отвечать (ВИДЕО)
Бритни Спирс вышла замуж за саму себя
В Казахстане открыли самый длинный мост в стране