Қолғап пішіндес аяқ киім 2021 жылдың трендіне айналды
«Жалаңаяқ» модельдері аяқ саусақтарының пішінін қайталайды.
Жаңа трендке Balenciaga сән үйі ұсынған саусақтары бар биік өкшедегі ал қызыл туфли бастама болды. Одан кейін жапониялық Suicoke бренді саусақтары бар кроссовка шығарды. Ал Флоренциядағы Avavav бренді алып аяқ басы пішіндес шпилькасы бар етік ойлап шығарды. «Футфетишке» вьетнамдық Datt бренді де бас иді. Сән әлемінің сарапшылары «barefoot shoes» («жалаңаяқ туфли») карантин салдарынан трендке айналған. Өйткені көп адам үйде жалаңаяқ жүргенді ұнатады. Мұндай аяқ киімді сонымен қатар ugly shoes («көріксіз аяқ киім») деп атайды.
Дереккөз: Vogue Russia