«Әлем ханымы-2021» байқауына екі бірдей қазақстандық қатысатын болды

👠 Мода и стиль
07.12.2021
Просмотров: 31

31 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны және екі баланың анасы Алтынай Мейман «Каспий теңізі ханымы» титулын жеңіп алып, енді Қазақстан намысын «Әлем ханымы-2021» байқауында қорғайтын болады.

Алтынай 2008 жылы «Қазақстан аруы» байқауына қатысқан. Қазір ол шешендік өнер, атқа мінуді меңгеріп, қайырымдылықпен айналысады. Сондай-ақ Қазақстан атынан бұрыңғы «Астана аруы», 27 жастағы Айгерім Әбдібекова шығады. Байқау  2022 жылдың 17 мен 26-сы ақпан аралығында Сеулде өтеді. Еске салайық, былтыр «Әлем ханымы» атағын әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова жеңіп алды.

Алтынай Мейман
Алтынай Мейман
Айгерім Әбдібекова
Айгерім Әбдібекова

Дереккөз: Tengrinews

Так же вам может быть интересно