Азиза Дармен
Радио менің бала күнгі арманым, мен оны жүзеге асырып қана қоймай, өмірімнің бір бөлігіне айналдырдым. Мен 17 жасымнан бері эфирдемін және микрофонды қосқан сайын барымды саламын! Радио тыңдармандардың ұтыс ойындары кезінде, сыйлық жеңіп алған сәттердегі шынайы эмоцияларын есту мен үшін бір ғанибет: «Шынымен бе? Бұл маған арналған ба?!» Дәл осы сәттер үшін мен осындамын. Менің қуаттандыратын - эфирдегі энергия және мен сенің әр күніңді мерекеге айналдыруға әрқашан дайынмын!