Ғалымдар: Шоколадтың иісі салмақ тастауға көмектеседі

👩‍🔬 Исследования и открытия
09.01.2023
Просмотров: 406

Халықаралық ғалымдар тобы бірнеше тәжірибе жүргізіп, осындай тоқтамға келген.

Алғашқы тәжірибе кезінде қатысушыларға шоколад иісі бар футболка кигізіп, тәтті балмұздақты елестетуді сұраған. Нәтижесінде шоколадты футболканы ұзағырақ киген қатысушылар тәттілерді азырақ жегісі келген.

Келесі эксперимент барысында еріктілерге чипс, балмұздақ және басқа да пайдасы шамалы тағамдардың суреттерін көрсеткен. Нәтижесінде шоколад иісін сезген қатысушылар пайдасыз тағамдардан бас тартқан.

Ең соңғы тәжірибе барысында диетада отырған адамдардан шоколадты жиірек иіскеуді  талап еткен. Белгілі болғандай, оларға диетаны ұстану жеңілдеген.

Дереккөз: Daily Mail 

Метки: Ғалымдар

Так же вам может быть интересно