Қазақ тілінде шыққан «Аватар: Су жолы» кассалық түсім мен көрермендер саны бойынша рекорд орнатты

🎬 Кино
21.12.2022
Просмотров: 1721

Алайда «Меломан» компаниясы нақты көрсеткіштерді атаған жоқ.

Жалпы «Аватардың» сиквелын Қазақстанда 400 мың адам тамашалаған. Фильм ТМД елдерінде 1 млрд теңге ($2,5 млн) жинаса, оның 850 млн теңгесі ($1,8 млн), немесе 70%-ы, Қазақстанға тиесілі. Осылайша, «Аватар: Су жолы» Қазақстан мен ТМД елдері кинопрокатында ең үздік көрсеткішке ие болды.

Еске салсақ, Джеймс Кэмеронның фантастикалық сагасы қазақстандық кинотеатрларда 15 желтоқсаннан бастап көрсетіліп жатыр. Сюжет бойынша, бірінші бөлімнің бас кейіпкерлері – Джейк Салли  (Сэм Уортингтон) мен Нейтири (Зои Салдана) отбасы құрып, балалы болған және Пандораға төнген жаңа қауіпке қарсы тұруға мәжбүр.  Айта кетсек, әлемдік прокатта «Аватар: Су жолы» алғашқы уик-эндте $435 млн жинап, бірінші бөлімнің бір аптада жинаған кассалық түсімінен асып түсті ($241,6 млн).

Метки: Аватар

Так же вам может быть интересно