Made in China: Қытайда «Титаниктің» көшірмесі пайда болады
Ол үшін жергілікті инвесторлар мен инженерлер 1997 жылы атақты «Титаник» фильміндегі кемені негізге алған.
Аты аңызға айналған круиздік лайнердің жаңа көшірмесінің құны теңгеге шаққанда 66,4 миллиард болды. Онда асханадан сәнді шкафтарға дейін барлық нәрсе түпнұсқа стилінде жасалған. Бірақ одан басты айырмашылығы – кеме суда жүзбейді, ол мұражай және қонақүй ретінде қолданылады. Онда тұру құны күніне шамамен 133 мың теңге болады. Инвесторлар кеменің салтанатты ашылуына Джек пен Роузды, яғни Леонардо ди Каприо мен Кейт Уинслетті, және Джеймс Кэмеронды шақырып қойды!
Дереккөз: France24