Бангладеште полиция ән айта алмай, жұртты мазалаған орындаушыны тұтқынға алды
Хиро Алом есімді кавер-орындаушысына көптеген шағым түскен.
Жігіт өзіне «Қаһарман» және «Сымбатты жігіт» деген лақап ат алып, Желіде танымал болды. Оның Facebook-те 2 млн, ал You Tube-те 1,5 млн жазылушысы бар. «Қаһарманның» роликтері миллиондаған қаралым жинайды. Алайда тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарға оның ән айту мәнері ұнамайды деп оны тұтқындаған. Десе де, бостандыққа шыға салысымен әнше жаңа клип түсіріп үлгерді.
Дереккөз: Indonesia Post
Фото: Pexels