Сингапурде табанына сыра құйылған кроссовка шығарылды
Ерекше аяқ киім дизайнер Доминик Чамброне мен сыра шығаратын компанияның коллаборациясы негізінде пайда болды.
Өнерпаздардың айтуынша, сыра кроссовканың табанының аяққа жұмсақ тиюіне көмектеседі. Ал егер сәнқой сусынды ішкісі келсе, кроссовканың қақпағы бар. Ерекше аяқ киімнің 32 данасы қолжетімді болады. Еске салсақ, былтыр рэпер Lil Nas X дизайнермен қосылып, қан қосылған кроссовка шығарған болатын.
Дереккөз: Incrussia