Ираннан Маңғыстау облысына турлар ұйымдастырылады
Жақында екі ел арасында визасыз режим орнаған болатын.
Енді Иранның туристік операторлары өз азаматтарына Маңғыстау облысын туристік бағыт ретінде ұсынатын болады. Бұл өңір табиғаты, тарихи жерлерімен, таулы аймақтарымен және теңіз жағалауымен ерекшеленеді. Болжам бойынша, жылына Қазақстанға 10 мыңға жуық ирандық турист келмек.
Дереккөз: Маңғыстау облысының әкімдігі