Жақында үйленген Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек дүркіретіп той жасамақшы
Ал бал айы әлі жоспарда жоқ. Себебі Дженнифер онсыз да Бенмен өткізген әрбір күні бал айы тәрізді деп отыр.
Еске салсақ, 52 жастағы Джей Ло мен 49 жастағы Бен Аффлек 16 шілдеде Лас-Вегаста некеге тұрды. Той болған жоқ, некеге тұру рәсіміне тек жұптың ең жақындары қатысты. Беннифер деп атап кеткен Голливудтағы ең әдемі жұптарының бірі осыдан 20 жыл бұрын үйленулері керек еді. Алайда айырылысып кетті. Ал былтыр қайта қауышты.
Дереккөз: People