Ертең Ұлттық фри картобы күніне орай Нью-Йорк дәмханасы әлемдегі ең қымбат фри картобын ұсынады
Гиннесс рекордтар кітабына кірген фри картобының құны — $200 (95 мың теңге).
Ерекше бағалы фри картобын әзірлеу үшін аса қымбат шампан мен сірке суы қолданылады. Картопты қарапайым майда емес, қазы майында екі рет қуырады. Бұл картоптың сырты қатырлақ, ал іші жұмсақ болуын қамтамасыз етеді. Тағамға трюфель және жеуге жарамды алтын қосылады. Айта кетсек, Нью-Йорктегі Serendipity 3 дәмханасы $295 тұратын гамбургер мен құны $1000 балмұздақ ұсынады.
Дереккөз: UPI